Мәдениет

Облыстық филармонияның жаңа концерттік маусымы ашылды

Айдос Ақылбеков – “Сегіз сері” атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі.

-Филармонияға ең алғаш 2013 жылы облыстық филармонияның директоры Ботагөз Жағыпарқызының шақыруымен осы жаққа жұмысқа келгенбіз. Астанадағы музыкалық академияны халық аспаптар мамандығы бойынша бітірдік.

Музыкалық кештің шымылдығы “Легкая кавалерия” операсынан алынған үзіндісімен ашылды. Бұл туындыны ҚР мәдениет қайраткері Сергей Имашбаевтың дирижерлық етуімен эстрада-симфониялық оркестр орындап шықты.

Облыстық филармонияның 50-ші концерттік маусымының ашылу салтанатына көршілес өңірден де әртістер жиылды. Өнер сүйер қауым жергілікті және Ақмола облысы әншілерінің орындауындағы қазақ шығармаларынан алынған үзінділерді тыңдады. Тыңдарман қауым құлақ құрышын қандырар әсем әуендерді зор ықыласпен қабылдады.

Қайырлы Ғафуров – “Сегіз сері” атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, ҚР “Мәдениет қайраткері”.

-Бүгін біз көрермендерімізге үлкен тарту сыйлайық деп отырмыз. Ол осы екі оркестрдің қосылған, оркестрлер арасында тартыс болмақшы. Сондықтан да келген көрермендеріміз концертімізден тек қана жақсы көңіл-күймен келеді деген үміттеміз.

Жалпы бұл күні облыстық филармонияның жаңа маусымының ашылуына келген солтүстікқазақстандықтардың қарасы қалың болды.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.