Билік

Облыс әкімі орақ барысымен танысты

Аймақ басшысы жұмыс сапарын Аққайың ауданының «Астраханское» ЖШС бастады. Бұл серіктестік жерінің жалпы аумағы – 10 651 га. Биыл мемлекет тарапынан 11 млн көлемінде субсидия бөлініпті. Бұл жұмыстың серпін алуына септескен сыңайлы. ШҚ басшысының айтуынша орташа жалақы мұнда 62 мың теңге көлемінде. Еңбекақыны көтеру жайы да ойластыруда.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Шынайы жалақы көрсетілмейді. Ақшаны қолға ұстатасыздар, есесіне салық төленбейді, бұл дегеніміз – көлеңкелі бизнес. Халыққа зейнетақы аударымдары да жасалмайды деген сөз.

Осы аудандағы Дайындық шаруа қожалығында да орақ науқаны қызған шақ-қазір. Астықтың 50 пайызын бастырып үлгеріпті. Танап басында 47 адам мен 43 бірлік техника тынбай жұмыс істеуде.

Біржан Шәймерденов- «Дайындық» ЖШС директоры.

-Астық шығымдылығы орташа алғанда 30 центрнерден айналуда. Қазір негізінен рапсты жинап жатмыз. Өзгесін орып үлгердік.

Астық қауызына сыймай тұрғаны рас. Бұл көңіл көншітсе де, мал басын өсіріп егінмен қатар алып жүру жолында әлі де біршама тер төгілуі тиіс. Өйткені қай шаруашылықты алсаңыз да, көбіне мал өсіруден көрі егін мен майлы дақылдарды көбейтуді жөн санайды. Мемлекеттік «Құлан», «Алтын -асық», «Сыбаға» сынды берері мол бағдарламаларды дұрыс пайдаланып тұяқтылардың қатарын өсіру қажет деп, тағы айтты Ерік Сұлтанов шаруаларға.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Елбасы осында келгенде астықты мерзімінде жинап, мал шаруашылығын қолға алуды тапсырды. Сүт жинауды да ұйымдастыру қажет.

Жалпы Аққайың ауданы бойынша егіннің 60 пайызы орылыпты. Оның 40 пайызы жиылған. Егіннің берекелілігі гектарына 14,15 центнерден айналуда. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың жұмыс сапары Мағжан Жұмабаев ауданында жалғасты. Жалпы аудан бойынша 358 мың га-ға дәнді дақыл егіліпті. Оның 47,2 пайызы жиылған. Аудан бойынша танап басында еңбек ететіндердің орташа жалақысы 77 мың теңгенін маңайында. Астық шығымдылығы гектарына 16,2 центнерден. Орақ науқанын уақытылы аяқтауға алқаптарда жүйткіп жүрген тегеуірінді техника сеп болатыны рас. Биылғы жиын-терім жұмыстарына облыс бойынша 9 мыңнан астам техника жұмылдырылған. Оның 2600-і жоғары өнімді комбайн. Жер апшысын қуырған бұл қуатты техникалар мен қолайлы ауа райы орақты уақытында ысырапсыз аяқтауға сеп болмақшы.

Ерік Сұлтанов- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Орақ науқаны қарқынды өтуде бүгінгі 40 пайызды ордық, оның өнімі 14,2 центрнер, бірақ біз алдында айтқандай 15-тен асамыз. 5-млн тонна жиямыз. Басқа мәселелер шешілген. Бір тоқатаған жоқпыз жанармай бар. Енді жаңбыр болса жұмыс біраз тоқтауы мүмкін.

Көршілес Ресей мен бізді бөліп тұрған шекарадан ары бері өткендердің уақыттары кезек күтімен зая кетеді екен. Одан қалды, құжат тексеретін жер тар. Ал құжат қабылдайтын орындардың саны небәрі екеу. Аймақ басшысы «Қарақоға» шекара бекетінде болып жағдаймен өзі танысты. Ерік Сұлтановтың тапсырмасына сай алдағы уақытта Жобалық сметалық құжат әзірленіп ғимарат жанынан қосымша 12 жол салынатын болады.

 

 

“Қазақстан-Петропавл” арнасының тілшілері әзірлеген бейнематериалда толығырақ.