Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов «Қазақстанның даму банкі» АҚ өкілдерін қабылдады

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Аймағымыз – ауыл шаруашылығы жақсы дамыған өңірлердің бірі саналады. Биыл мол астық жинауды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек машина жасау саласының қарқыны да артып келеді. Ағымдағы жылдың 7 айында ғана өндіріс көлемі 4,4 пайызға өсіп, 71,1 млрд теңгені құрады. Бүгіндері бізде барлық механизмдер жақсы жұмыс жасауда. Сондықтан Қазақстанның даму банкі де облысымыздың гүлденуіне үлес қосады деген сенімдемін.

Өңіріміз Қазақстанның даму банкімен осы уақытқа дейін 7 жобаны жүзеге асырыпты. Қаржылай қолдаудың жалпы сомасы 192 млн АҚШ долларын құраған.

Ринат Сисембаев- «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

-Банк Солтүстік Қазақстан облысымен машина жасау салысында бірлескен жобаларды қолға алды. Ол бағдарламалар сәтті жүзеге асуда. Осы әріптестікті әлі де болса дамытуды жоспарлап отырмыз. Біз ел бойынша ауқымды ісссапарды бастадық. Алдымен, сіздердің өңірлеріңізге келіп отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – азық-түлік саласында тиімді жобаларды қарастырту. Өйткені, бүгінде жеңіл өнеркісіп елімізде кенжелеп қалған.

Сондай-ақ, қаржы институтының өкілдері қаладағы өндіріс ошақтарын аралап, олардың мүмкіндіктерін байқауға ниетті.

 

Магжан Ахмадина.