Құқық қорғау органдары

Айыппұлдарды дер кезінде өтеу қажет

Алтынбек Тиыштыбаев, СҚО ІІД әкімшлік полиция басқармасының бөлім басшысының орынбасары.

-Қазіргі уақытта әкімшілік полиция басқармасы рейдтік шараларды жиі өткізеді. Олардың барысында автокөлік жүргізушілерінің айыппұлдарын төлемегені анықталса, қарызын өтемейінше, темір тұлпарлары айып тұрағына қойылады.

Мына 29 жасар солтүстікқазақстандық қоғамдық орында шылым шеккені үшін бірнеше ай бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Қарызын төлеуге асықпаған қала тұрғыны әкімшілік полицейлердің ескертуінен соң, қалалық ішкі істер басқармасына келіп, айыппұлды төлегені туралы түбіртегін көрсетті.

-Мынадай ақша қабылдау орындарының ашылғаны өте ыңғайлы. Мойыныңда айыппұл болса, бірден осында келіп төлейсің. Кабинеттерді аралап, кезекте тұрудың қажеті жоқ.

Тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу керектігін ескертеді. Егер қарыз хаттама толтырылғаннан кейін 30 күннің ішінде өтелмесе, іс сотқа жіберіледі. Солтүстікқазақстандықтар мүлкінен де айырлып, 3 тәулікке дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

 

 

Бану Ахметова.