Мәдениет

Ағылшын тілін оқыту

Балалар аталмыш тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытуда. Сол себепті, олар аптасына екі рет өтетін сабақтарды асыға күтеді екен.

Ксения Попова, 1-сынып оқушысы.

-Мен “сәлем”, “сау бол”, “отыр”, “тұр” деген сөздердің ағылшын тілінде қалай айтылатын білдім және өзгелермен танысуды үйрендім.

Қазір 1-ші сыныпта барлығы 20 оқушы білім алуда. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Динара Шаймерденова балаларға сапалы білім беру үшін үнемі біліктілігін арттырып отыратындығын айтады.

Динара Шаймерденова, №13 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

-Оқушыларға сабақ ойын түрінде өткізіледі. Жоғарғы сыныптарға қарағанда 1-сыныпқа сабақ беру оңай емес. Дегенмен қиындықтарға төтеп берудеміз.

Жалпы бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына ағылшын тілі факультативтерінің енгізілгеніне 10 жыл болыпты. Ал былтырдан аталмыш пән бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасында да қарастырылып, барлық оқушылар жаппай шет тілін меңгеріп жатыр.

Ирина Таранюк, №13 орта мектеп директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

-Бастауыш сыныптардың оқушылары былтырға дейін ағылшын тілін арнайы үйірмелерде ғана оқып келген еді. Енді олар 1-ші сыныптан бағдарламаға сай аталмыш тілді меңгере алады. Біздің мектепте мүгедек балалар да білім алуда. Олар да өзге оқушылар сияқты оқып жатыр.

Жалпы бұл мектепте 186 бала білім алады. Оның 20-сы мүгедек.

 

 

Бану Ахметова.