Энергетика

“Севказэнергосбыт” ЖШС-нің сервис-орталығындағы қызмет түрлерінің аясы кеңеюде

Бұрындары оған жүгінген жеке тұлғалар есеп түбіртегі, дербес шот бойынша қарызы мен коммуналдық қызметтердің төленгендігі жайлы мәліметтерді ғана алса, заңды тұлғалар есепшот фактураларын құрумен ғана шектелетін. Ендігі кезекте, аталған қызметтің көмегімен, тұтынушылар электр энергиясы көрсеткіштерін өздігінен енгізе алады.

Мағауия Сағындықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры.

-Ол үшін электр энергиясын тұтынатын тұрғындар аталған қызмет түрінің парақшасына кіріп, тіркеу формасын толтыруы қажет. Онда міндетті түрде дербес-шотты көрсетіп, толық аты-жөні мен байланыс телефонын жазып, сақтаулары тиіс. Бұл қызмет түріне қосылу тұрғындардың көп уақытын алмайды. Тіркеу формасын толтырған соң “Севказэнергосбыт” ЖШС-нің операторлары тұтынушыны орталыққа шақырады.

Әзірге, “жеке кабинет” қызметіне облыс орталығындағы 126 тұтынушы жүгініп, оның мүмкіндіктерін тұрақты түрде қолданып жүр. Дегенмен жаңа сервис түріне қосылуға тілек білдірген тұтыушылардың саны күннен-күнге артуда дейді, – серіктестіктің бас директоры.

Мағауия Сағындықов – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директоры.

-Біздің компания осы жылдан электр энергиясын тұтынушыларға арнап “жеке кабинетті” іске қосқан болатын, енді міне, оған қосымша операциялар енгізілуде. Мысалға, “жеке кабинет” арқылы тұтынушылар ай сайынғы пайдаланған энергияға қарызын біліп, оған қоса электр энергиясын есептеу құрылғысын орнатуға өтініш бере алады. Бұл қызмет түрлері тұтынушылардың уақытын үнемдеп, мерзімінде төлем жасауға бағытталған.

Қазіргі таңда Петропавл қаласы бойынша 87 мың тұрғын “Севказэнергосбыт” компаниясының жарықпен қамту қызметтерін тұтынса, тағы 66 мыңнан астам қалалық орталық жылу желісіне қосылған. Серікстестіктің сервис-орталығы ұсынып отырған қызмет түрін алғашқылардың қатарында пайдаланған қалалықтар оның тиімділігін байқаған.

Олеся Семиошкина – қала тұрғыны.

– “Жеке кабинет” қызмет түріне қосылған соң, біраз уақытымды үнемдейтін болдым. Өйткені, пайдаланған электр энергиясының ақысын үйде отырып-ақ, интернет арқылы төлей аламын.

Бүгіндері сервис-орталықтың аталмыш қызметін жеке тұлғалармен бірге, заңды тұлғалар да өз пайдаларына жаратуда.

Гүлнара Қожахметова – Қазгидромет” РМК СҚОФ бас есепшісі.

-Біз бұрындары есеп тапсырған кезде біраз уақыт жоғалтатынбыз. Ал мына қызмет түрі арқылы шаруамыз жеңілдеп отыр. Шамамен алғанда есептіктерді жасақтауға 10 минуттай кетеді. Оның үстіне есеп фактураларын айдың басында, ертерек алатын болдық .

Айта кету керек, қазан айынан бастап серіктестіктегілер жеке кабинетке тағы бір операцияны енгізуді көздеп отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов.