Мәдениет

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры 128-ші маусымын ашты

Анархан Дүсенова, СҚО әкімінің орынбасары.

-Сіздердің еңбектеріңіз жемісті де табысты болсын.

Жаңа маусымда театрдың актері Анатолий Наргеленас 60 жасқа толып отыр. Мерейтой иесі мәдениет саласын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін өңір жетекшісінің құрмет грамотасына ие болды. Актердің алдағы уақытқа шығармашылық жоспары көп. Қазан айында театр ұжымы француз драматургы Марк Камолеттидің танымал шығармасын сахналамақ.

Анатолий Наргеленас, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері.

-128-інші маусымда біз көрермендерді қызыққа толы сахналық қойылымдармен қуантпақпыз. Труппамызға жас актерлер келіп жатыр. Арасында менің студентім де бар. Жас актерлердің болашақта өз ісінің қас шеберлері болатындарына сеніммен қараймын. Бастысы, біздің қойлымымызды көруге келетін халықтың саны көп болғай.

Театрдың 128 маусымы Александр Островскийдің «На всякого мудреца довольно простоты» атты пьесасы бойынша сахналанған «Я вам нужен, господа!» қойылымымен ашылды. Бұл туынды театрдың өткен маусымын қорытындылаған болатын. Шығарма 19 ғасырда қара басынының қамын ойлаған Егор Глумовтың мансаптығы жайында өрбиді.

Роман Лахтин, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актері.

-Мен сомдаған кейіпкер туралы айтар болсам ол өте өзімшіл. Бірақ, Егор Глумовтың өз қара басын ғана ойлайтынын сөге алмаймын. Өйткені, бүгінде барлығы солай өмір сүреді. Бұл қойлымды тек ересектер ғана емес, мектеп оқушыларына да тамашалауға болады.

Туындыдағы басты кейіпкер адамдардың ақымақтығын сөз еткеннен гөрі, оны өз пайдаңа жаратқан дұрыс деп біледі. Сондықтан, Егор Глумов мұндай жандарды басқарып, олардың осал тұстарын тиімті пайдаланған. Оның ғашығы Клеопатра Мамаева да осы тектес айла-әрекеттерден кет әрі емес. Оның ролін сомдаған белді актрисса Ирина Пашкина театрдың жаңа маусымының ашылуы ұжым үшін елеулі мереке екендігін айтады.

Ирина Пашкина, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актрисасы.

-Бұл жолы біз жаңа маусымды әдеттегіден ертерек аштық. Өйткені, көрермендерге әзірлеген қойылымдар жетерлік. Гастрольдерге де шығамыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің қойылымдардан ең бастысы, көрермендер жақсы әсер алатынына сенім мол.

Жаңа маусымда театрдың ұжымы жас көрермендерін де назарсыз қалдырмайды. Сондықтан жуық арада рессейлік драматург Анна Богачеваның әйгілі “Чемоданное настроение” атты ертегісін сахналамақ.

 

 

 

Бану Ахметова.