Қоғам

Кәсіпкерлер палатасының қолдауына ие болған кәсіпкер

Ол қалалық әкімдікке жер телімдерін уақытша пайдаланауға рұқсат сұрап бірнеше рет өтініш жазған. Алайда ондағылар түрлі сылтауларды алға тартып, бизнесменнің талабын қанағаттандырмады. Кәсіпкер сотқа да шағымданып, іс Владимир Коморовтың пайдасына шешілген болатын. Бірақ құзырлы органдағылар сот шешімін де орындауға асықпады.

Владимир Комаров- «Комаров»ЖК директоры.

-Қалалық әкімдіктегілер менің өтінішімді әлі күнге дейін қанағаттандырған жоқ. Тек кәсіпкерлер палатасына барғанда ғана бұл іс алға жылжыды. Бірталай уақыт өтіп кетті. Осы аралықта бизнесім біраз тұрып қалды.

Сағызша созылған істің түйіні енді тарқайын деді. Қазір кәсіпкердің Мир және Жамбыл көшелеріндегі 5 участкесі бойынша іс орнынан қозғалған. 1 учаске бойынша мәселе толық кәсіпкер пайдасына шешілді.

Мұрат Жакенов- СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы.

-Тағы екі жер учаскесі бойынша шығарылған шешімге біздің көңіліміз толмай отыр. Өйткені кәсіпкер жерді 10 жылға жалға алу туралы өтініш жазған. Ал оған тек 2 жыл мерзім берілген. Сондықтан біз кәсіпкердің құқығы толығымен қорғалуын талап етіп, істі қайта қарайтын боламыз.

Қалған екі жер телімі жария ету шарасы кезінде басқа тұлғалардың иелегіне өтіп кеткен. Сондықтан кәсіпкерге арнайы комиссияға жүгінуге кеңес берілді.

 

 

Магжан Ахмадина.