МТРА жаңалықтары

Балаларға арналған тағы бір ойын алаңы ашылды

Бұл – Петропавл қаласында соңғы уақытта ашылған осымен үшінші ойын алаңы. Кезекті балалар алаңқайын салуға ниет білдірген әрі демеушілік көрсетуші – “Таткрафт – инвест” кәсіпорны. Серіктестік өкілдері қауіпсіздік талаптарын ескеріп, барлығы да заманауи және сапалы дүниелерден салынды дейді.

Елена Матвиенко – ТОО “Таткрафт – инвест” ЖШС коммерциялық директоры.

-Бұл балалардың бос уақытын пайдалы өткізуге және ата-аналардың демалуына арналып жасалған жақсы жағдай.

Алаңқайды салу барысында тұрғындар қол қусырып отырмапты. Олар “Камаз” көлігімен екі рет құм әкелген. Пәтер иелері кооперативінің төрайымы Евдокия Сибилеваның айтуынша бұл жерге осы маңның ғана емес, жақын жердегі жер үйлерде тұратын балалар да келіп асыр-салып ойнайды екен.

Евдокия Сибилева – “Милана” ПИК төрайымы.

-Біздің ауламыз көркейе түсті. Балалар да белтемірлерде жаттықса, дендері сау болады. Біз бұл демеуге ризашылығымызды білдіреміз. Осы бағдарлама жалғаса берсе екен. Өйткені, шынында да нәтижесі бар.

Облыс орталығында осындай тағы 11 ойын алаңын ашу жоспарланып отыр.

 

 

Данаш Хамзина.