Білім

Ата-аналарға кеңес беруге арналған конференция

Оның бәріне балғындар біртіндеп бейімделуде. Осы ретте бірінші сынып оқушысына қолдау қажет, әрине. Мамандардың айтуынша, бұл – тек мұғалімдердің ғана емес, ата-аналардың да міндеті. Ал, кейбір әке-шешелер баланы демеудің қыр-сырынан хабарсыз дейді. Сол себепті, ел көлемінде, тіпті, шайлғайдағы ауылдарда да осындай жиындар ұйымдастырылуда.

Ольга Абрамова, ҚР Білім және ғылым министрлігі Отбасылық тәрбиелеу институтының өкілі, Астана қаласы.

-Шараның мақсаты – балалар мен олардың ата-аналарына мектепте және одан тысқары жерде өздерін сенімді сезінуге үйрету. Мәселен, 1-ші сыныпқа барған оқушылар кейде 2-3 ай бойы қайда жүргендерін де түсінбей жатады. Ал шын мәнісінде олар мектепке қуанышты кірулері қажет.

Юлия Фооттың ұлы биыл 1-сыныпқа барған. Онымен қалай сөйлесу қажет, өзіңді қалай ұстау керектігін шамалап білсем де пайдалы ақпарат артық етпейді дейді.

Юлия Фоот.

-Психологтар мен педагогтар баланы мектепке бейімдеу туралы түрлі кеңестер берді. Сабақты қай мезгілде оқу қажет, ойынға қанша уақыт бөліп, қашан және қандай үйірмелерге баруға болады? Бүгін, міне, осындай ақыл-кеңеске құлақ салдым.

Бірінші гимназияда өткен жиынға ата-аналар жақын маңдағы 5 мектептен келген. Барлығы 160-қа жуық адам. Басқосуда балаға ұрсу, жекіру және сынаудың тигізетін кері әсері де талқыланды.

Ирина Якимова, Бірінші гимназия психологы, Петропавл қаласы.

-Сенің қолыңнан түк келмейді. Менсіз еш нәрсе істеме. Неге мені күтпедің? Міне, балаға осылай ата-ана тарапынан сенімсіздік білдіру оның өздігінен дамуына кедергі келтіреді.

Психологтар үй тапсырмаларын баланың орнына орындамай, оның өзімен бірге отырып жасап-жазу керек дейді. Сонда ғана ол жеке тұлға болып қалыптаспақ. Осы сынды конференциялар аясында қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 170 мыңға жуық ата-ана қамтылған. Ал, Петропавлдың өзінде оған 2,5 мыңнан артық адам қатысқан.

 

Данаш Хамзина.