Әр түрлі

Қазақстан Республикасы мәслихаттарына – 20 жыл

Ләззат Жалмұқанова – Петропавл қалалық мәслихатының хатшысы.

-Қалалық мәслихат құрамына енген адамдардың әрбірі түрлі салада қажырлы еңбек етіп, өңіріміздің дамуына елеулі үлесін қосты. Әсіресе, Анатолий Мишин, Сергей Леонтьев тағы да басқа депутаттардың өңірді өркендетуде маңызды шешімдер қабылдауға ат салысқанын атап өткім келеді.

1994 жылдан бері қалалық мәслихаттың 4 шақырылымындағы депуттары өкілеттік мерзімі аяқталғанша жұмыстарын сәтті атқарып шыққан. Ал 2012 жылы қалалық мәслихаттың 5-ші шақырылымдағы депутаттары сайланады. Қазір мәслихат құрамында 19 халық қалаулысы жұмыс істеуде. Олардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды. Жиынға өткен шақырылымдарда еңбек еткен депутаттар да келіп отыр. Солардың бірі өмірін өңірдің денсаулық сақтау саласына арнаған – облыстық кардиологиялық орталық бас дәрігерінің орынбасары Бейбіт Мұстафина.

Бейбіт Мұстафина – Облыстық кардиологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары, Петропавл қаласының Құрметті азаматы.

-10 жылдай депутат болдым. Елдің қандай тілектері болса, қандай алдында тұрған тілектері болса, қолымнан келгенше істеп, көмек беруге тырыстық. Менің учаскем тоғызыншы округ болды. Оған 2-ші қалалық аурухана маңайы мен Бензострой тұрғындары да кіреді. Қарап тұрсаңыздар, 21-ші мектеп жанындағы бағдаршам орнатуға ат салыстым. Балаларға қиын болмасын деп.

Мерекелік шараға жиналған халық қалаулыларын құттықтауға қала әкімі Төлеген Закариянов та арнайы келіпті. Ол депутаттардың алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұдан кейін еңбегімен еленген бірқатар депутаттарды қала әкімі алғыс хаттармен марапаттады. Шара соңы – концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.