Спорт

“Әкем, анам, мен – спорттық жанұя” атты отбасылық сайысы

Анархан Дүйсенова-СҚО әкімінің орынбасары.

-Құрметті қатысушылар сіздерді атаулы мерекемен құттықтаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: “Біздің қоғамда отбасы рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы”,- деген болатын. Отанға деген сүйіспеншілік отбасыдан басталады. Туған шаңырақта алған тәрбие – барша халқымыздың табысты болашағының кепілі.

Сайыс басталмас бұрын гимнастшы және биші қыздар өнерлерін көрсетті. Бұдан соң жарысқа қатысушы командалардың әрқайсысы өзерін таныстырды. Ал, жалпы бұл сайыс екі жыл қатарынан қыркүйек айының соңы жексенбісінде ұйымдастырылып келеді.

Есілбай Омаров-жарыстың бас төреші.

-Бүгінгі көңілді мәреге Қызылжар, Есіл, Аққайың аудары және қалалық күрес, ұлттық спорт мектептерінен командалар қатысып отыр. Осы жарыс 5 конкурстан тұрады.

Отбасылар тартысты додада баскетбол сақинасына допты дәл түсіру, шарды белгілі уақытта жинау сияқты сындардан өтті. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені петропавлдық Байғожиндар отбасы жеңіп алды. Ал, екінші орын осындағы Тайбупеновтер жанұясына бұйырса, үздік үштікті Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Жұмабековтар жанұясы тұйықтады. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мөлдір Тәңірбергенова.