МТРА жаңалықтары

Петропавлға Норвегия Корольдігі Елшісінің орынбасары келді

Айта кету керек, бүгінде біздің өңірдің Норвегиямен тауар айналымы 8,8 млн долларға жетіп отыр. Кездесу барысында Норвегия Корольдігі Елшісінің орынбасары ВиктОр Йенсен мен облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов әріптестік қарым-қатынасты нығайта түсу керектігін айтты. Ең алдымен мунай-газ бен ауыл шаруашылығы саласына баса көңіл бөлу көзделуде.

Ерлан Әукенов, СҚО әкімінің орынбасары.

-Біз мұнай-газ секторы, машина жасау саласы мен ауыл шаруашылығы тауарын экспорттауға дайынбыз. Ал сіздердің тараптарыңыздан біздің өңірде бірлесіп өндіріс орындарын құру бойынша озық идеялар мен ұсыныстар түсіп жатса жұмысымызды одан да табысты қылуға кең мүмкіндіктер ашылар еді.

Норвегия ауыл шаруашылығы өнімінің 99 пайызын біздің елімізден импорттайды екен. Солтүстік Қазақстан облысы астықты аймақ болғандықтан Норвегия Корольдігі елшісінің орынбасары жергілікті тауарөндірушілермен әріптестік орнатуда қызығушылық танытып отырғандығын жасырмады.

Виктор Йенсен, Норвегия Корольдігі Елшісінің орынбасары.

-Сіздердің экспорттаушы компанияларыңыз бен біздің импорттаушыларымыздың арасындағы әріптестік қарым-қатынас байланысын нығайтсақ нұр үстіне нұр болар еді. Біз бұл бағытта тығыз жұмыс істеудеміз. Бүгінгі кездесу соған бастар жолдың алғашқы қадамы болады деп ойлаймын. Ал, мұнай-газ саласына келер болсақ, бізде осы облыста әріптестікті дамытуда қызығушылығымыз артуда.

Айта өту керек, норвегиялықтар балық өнімінің 50 пайызын бізге жеткізеді екен. Сол себепті, алдағы уақытта екі жақ сауда-саттық айналымын одан әрі нығайта түсуді көздеп отыр. Кездесу соңында Норвегия Корольдігі Елшісінің орынбасарына Ерлан Әукенов “Қазақтың дәстүрлі 1000 әні” атты жинақты табыс етсе, келген мейман да өз елінің тарихы жазылған кітапты сыйға тартты.

 

 

Бану Ахметова.