Әр түрлі

Отбасы күніне арналған конференция

Бақытжан Сәмиева – СҚО Іскер әйелдер қауымдастығы төрайымы.

-Бұл шараның мақсаты әрбір жас азаматтарға отбасымен ғана аман боласың, отбасымен күлесің жылайсың, отбасың ғана сені қолдайды. Отбасың жақсы болса, еліңе адал қызмет етесің. Міне осыны жеткізу болып табылады.

Бұл шараға мемлекеттік қызметтегі мамандар қатысып, отбасылар үшін үкімет тарапынан қандай көмек пен жеңілдіктер жасалып жатқанын құлағдар етті. Мәселен, әлеуметтік аз қамтылған 23 отбасының балалары жергілікті жоғары оқу орнында тегін білім алуда. Ал, осы жылғы “Мектепке жол” акциясы аясында ел бойынша тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға 61 млн теңгеге жуық көмек көрсетілген. Жиында сондай-ақ, бірнеше белгі бойынша 5 отбасы таңдап алынып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Гүлия Салтықова – Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

-Бүгінгі шарада түрлі критерий бойынша 5 отбасыны таңдап алдық. Атап айтсақ, көпбалалы, отасқандарына 65 жыл болған ерлі-зайыпты, жалғызбасты әке, еңбек әулеті және интернационал отбасы.

Бағалы сыйлыққа ие болған отбасылардың бірі – Сергей мен Мәдина Гизбрехттар. Отау иесінің айтуы бойынша жарымен балабақшада танысыпты. Кейін мектепте бірге оқып, арадағы ерекше сезім өсе келе махаббатқа ұласқан. Екеуі бүгінде 2 бала тәрбиелеп, тату-тәтті өмір сүруде.

Мәдина Гизбрехт.

 

-Әрине, отбасы болғанннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бірақ, тату-тәтті ғұмыр кешу үшін ерлі-зайыптылар бір-бірін түсініп, тырысулары қажет. Осылайша, балаларымызға үлгі болғымыз келеді.

Шараға қатысқан жастар да үлгілі отбасында алған тәрбиенің маңызы зор дейді.

Риат Шони.