Билік

Облыстық Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов – ҚР Ішкі істер министрі.

-По моему предложению Ахан Кажкенов назначен начальником Департамента ДВД на транспорте. Этим же приказом начальником ДВД СКО назначен Берик Билялов.

Жиынға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты. Өңір жетекшісі Ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы Ахан Қажкеновке атқарған еңбегіне ризашылығын білдіріп, Құрмет грамотасын табыс етті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Хочу поблагодарить вас за добросовестный труд в СКО. Сегодня вас ждёт большая работа. Желаю вам успехов.

Ерік Сұлтанов облыстық полициялық ведомствоның жаңа басшысыныа жұмыста табыс тіледі. Берік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Ішкі Істер органдарындағы қызметін 1990 жылы Соколов аудандық Ішкі істер бөлімінің учаскелік милиция инспекторы болып бастайды. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ішкі істер басқармасында басшылық қызмет атқарған. 2010 жылы ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы болып сайланады.

Ал, 2011-2013 жылдары Ұйымдасқан қылмысқа және басқа да қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының Өкілетті өкілі болып еңбек етіп, одан кейін ҚР ІІМ департаменті штабының бастығы қызметін атқарған.

 

 

Сагыныш Маркашева.