МТРА жаңалықтары

Еңбек ардагері Құдайберген Қалиевтің студенттермен кездесуі

Бұл орайда, Қазақстанның осы уақытқа дейін қандай қиыншылықтарды бағындырғанын көзбен көрген аға буын өкілдерінен үйренеріміз молынан. Сондықтан “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері көпті көрген қариялар мен жастардың басын қосатын кездесулер ұйымдастыруды қолға алған. Бұл жолы М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері облысымыздың құрметті азаматы Құдайберген Қалиевпен жүздесті. Диалог түрінде өткен жиында жастар еңбек ардагерінің өмірбаяны мен атқарған қызметін ұйып тыңдап, өз сұрақтарын қойды.

Нұрбол Илюбаев, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті.

-Құдайберген Қалиев облысымызда көп істер атқарып. Жастарға қол ұшын еріп, қазақ тілінің мәртебесін арттыруда.

Студенттер де ардагерге өз жетістіктері туралы баяндады. Олар оқудан тыс уақыттарын тиімді өткізетіндерін алға тартуда. Қоғамдық өмірге белсенді аралысып, үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетуден аянып қалмайды. Сондықтан, бүгінгі кездесуден еңбек ардагері Құдайберген Қалиев те жақсы әсер алғанын айтады.

Құдайберген Қалиев, СҚО Құрметті азаматы.

-Колледждегі кездесу жақсы өтті. Мұндағы студенттер жан-жақты екен. Олардан үйренерім көп сияқты.

“Жас Отан” жастар қанатының “ұрпақтар сабақтастығы” жобасы аясында биыл осындай екі кездесу ұйымдастырылған.

 

 

Бану Ахметова.