Қоғам

Ардагерлерге «Белоруссияны азат еткені үшін» медальдары табыс етілді

Оның “Қызыл Жұлдыз”, “Ұлы Отан соғысының 2-ші дәрежелі” ордендері мен “Ерлігі үшін”, “Берлинді алғаны үшін” және “Германияны жеңгені үшін” медальдары бар. Бұдан басқа тағы бірнеше мерейтойлық марапаттың иегері. Бүгін қарт кеудесіндегі медальдар саны тағы біреуімен толықты.

Қарт жауынгер соғыс жылдарында бастан өткерген оқиғалары жайлы сәті түссе жастарға әңгімелеп беруге тырысады екен.

Павел Барильченко – Ұлы Отан соғысының ардагері.

-Мен соғысқа бірінші рет Курск түбінде кірістім. Онда бізді жау қоршап алмақ болып еді, біз беріспедік. Сол жерде алғашқы марапатыма – «Ерлік үшін» медаліне ие болдым. Әрине, ол мен үшін өте қымбат.

Павел Барильченко – ардагер ұстаз. Ол соғыстан кейін 20 жылдан астам уақыт Петропавлдағы 21-ші орта мектептің директоры болып еңбек еткен. Зайыбы Нина Андреевамен отасқандарына – 67 жыл. Екеуі 2 бала тәрбиелеп, 3 немереден 2 шөбере сүйіп отыр.

Жалпы «Белоруссияны азат еткені үшін» медалін Белоруссия президенті Александр Лукашенконың атынан облыс орталығында тұратын Ұлы Отан соғысының 18 ардагері алды.

 

 

 

Магжан Ахмадина.