Денсаулық сақтау

Жаңа медициналық жабдық алынды

Өйткені арнайы кешен ағзаның ішкі мүшелерін суретке түсіріп, оны бірнеше есеге ұлғайтып, түсін өзгерте алады. Бұдан бөлек, тексерістен өткен әр науқастың нәтижелерін жадында сақтайды. Дәрігерлер құны 11 млн 600 мың теңге тұратын бұл аппараттың көмегімен ісік түрін лезде анықтап, нақты диагноз қоя алатындарын айтады. Бұл кешенмен науқастарды тексеруге 1 сағатқа жуық уақыт жұмсалады. Күнделікті мұндағы маман 8 адамды қабылдайды.

Евгения Иксанова, Облыстық онкологиялық диспансердің эндоскопист-дәрігері.

-Бұл жабдық эксперттік кластағы аппарат саналады. Құрылғыда 4 режим бар. Виртуалдық хромоскопия, спас режим, зум яғни үлкейтіп көрсету және бейнежады қарастырылған. Жабдық тамырдың замқымдану бейнесін миллимертге дейін көрсете алады. Бұл кешеннің көмегімен ауру белгілерін анықтау ешқандай қиындық туғызбайды.

Онкологиялық диспансерде бүгінгі таңда 8093 адам тіркеуде тұр. Облысымыз ел бойынша соңғы үш жылда ісек аурулары жөнінен көшбасында келеді. 2013 жылы аталмыш дертке шалдыққандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 311,5 құраған болатын. Биыл бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр дейді аурухананың бас дәрігері.

Ермек Әбдрімов, облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері.

-Жыл сайын онкологиялық ауруларға шалдыққандар тіркеледі.

Жалпы, ел қазынасынан ауруханаға керекті жабық алуға биыл 60 млн теңге бөлініпті. Бүгінге дейін екі аппарат алынса, үшіншісі жыл соңына дейін жеткізілуі тиіс. Сонымен қатар биылға лизинг бойынша тағы 2 жабдық алу үшін 16 млн теңге қарастырылыпты.

 

Бану Ахметова.