Салық басқармасы

Тұрғындар 1 қазанға дейін мүлік салығын өтеуі қажет

Айбас Нұртазин – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі.

-Осыған орай жер, мүлік, көлік салықтарын төлейтін ҰОС қатысушылары және оған теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ, 1-2 топтағы мүгедектер және жалғыз басты зейнеткерлерге мемлекеттен берілетін жеңілдіктер мардымсыз болып қалды. Сол себепті аталған жеңілдікке ие азаматтар тұрғын үйі, болмаса саяжайының бір шаршы метрінің бағасын қайта есептетулері керек.

Жаңа өзгертулер бойынша, ҚР Салық Кодексі 403 бабының 2 тармашасына сәйкес, жалғыз тұратын зейнеткерлерге – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшері шегінде, ал ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 1500-ге еселенген АЕК көлеміндегі жеңілдік жасалады. Ендеше аталмыш азаматтар пәтер құны мен аталмыш соманың айырмашылығына тағайындалатын салықты ғана өтемек. Ал мемлетке төлем жасауға асықпайтындарға күнделікті өсімпұл тағайындалады.

Айбас Нұртазин – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі.

-ҚР Салық кодексінің 610-бабына сәйкес өсімпұл салық міндеттемелерін орындаудың әр кешіктірілген күні үшін есептеледі. Сондықтан, салық міндеттемелерін уақытылы орындамаған жағдайда, тұрғындарға әр кешіктірілген күн үшін қосымша төлемнің 0,24 пайызы көлемінде шығындануға тура келеді.

Солтүстікқазақстандықтар мүлік, жер және көлік салығын “Қазпочта” АҚ барлық бөлімшелері мен екінші деңгейлі банктерде төлей алады.

 

Бакыт Садуакасов.