Қоғам

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары рейдтік шаралар жүргізуде

Үстіміздегі жылы қала аумағында 172 өрт орын алып, 26 млн. теңгенің материалдық шығынын келтірген. Апаттық жағдайлардың салдарынан 13 адам көз жұмды, оның ішінде 2-уі бала. Өртке қарсы қызмет мамандары биыл от шығу фактілерінің өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артқанын айтуда. Бұл баспана иелерінің қарапайым ережелерді сақтамауының салдары.

Владимир Худинаев – Петропавл қаласы ТЖБ бас маманы.

-Жылыту маусымы қарасаңында Петропавл қаласының төтенше жағдайлар басқармасының мамандары өрттердің алдын-алу мақсатында жеке секторларды аралап жүр. Бұл шара тұрғандардың қысқы уақытқа пештерін, электр желілері мен жылыту құралдарын тиісті деңгейде әзірленуіне бағытталған. Біз оларға нұсқама беріп, жадынамаларды таратамыз. Қала тұрғындарына айтарымыз – жылыту маусымына дейін пештерінің мұржаларын тазартып, барлық саңылауларын сылап тастау қажет.

Ал балықшылар мен аңшылар қайықпен жүзу талаптарын сақтамайды дейді құтқарушылар. Судағы қайғылы жағдайлардың дені де осы саятшылық құрып, балық аулағандарға тиесілі. Мысалы, жыл басынан бері 2 жасөспірім мен 33 ересек судың құрбаны болған.

Жанат Мұхамбетов – жылдам іздеу тобының жетекшісі.

-Қазір аңшылық пен балық аулау маусымы жүріп жатыр. Сол орайда оларға қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерткім келеді. Ең қарапайымы – өздерімен бірге үнемі жилет алып жүру. Оқ қарумен аса сақ болған абзал. Сонымен қатар, балықшылардың арнайы жабдықтары қайықтарын тесіп, немесе олар қайықпен бірге аударылып кетуі мүмкін. Қазір су суық, жапа шегушілер қатты тоңазып, батып кетуі де ғажап емес.

Ендігі кезекте төтенше жағдайлар қызметінің мамандары осындай рейдтік шараларды апта сайын өткізіп тұрмақ.

 

 

Риат Шони.