Қоғам

Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасы 135 әскери азаматты жауапқа тартты

Игорь Гребенюк – Петропавл гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі.

-Әскери прокурорлардың әрекет етуінің арқасында 633 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалып, 15 заңсыз құқықтық актілерге өзгертулер енгізілді. Ал тәртіптік кеңестің отырысында 135 лауазымды тұлғаның ісі қаралса, соның ішінде 4 әскери қызметкер жемқорлыққа жол бергені үшін, ал әкімшілік жауапкершілікке 9 азамат тартылды.

Негізінен әскерилер мемлекет мүлкін талан-таражға салып, жемқорлық фактілеріне жиі жол беретін көрінеді. Сондай-ақ олардың конституциялық құқықтарын сақтау да прокурорлардың жіті бақылауында. Мысалға, Петропавлдағы 66/37 әскери бөлімінде тұрғын үйді жалға алуға бөлінетін мақсатты өтемақы уақытылы берілмей, заңға қайшы әрекеттер орын алғаны анықталды.

Игорь Гребенюк – Петропавл гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі.

-Тексеріс қорытындылары бойынша 6637 әскери бөлімінің қызметкерлеріне тағайындалатын жәрдемақының ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айлары үшін төленбегендігі анықталды. Аталған әскери бөлім тарапынан жасалған заңбұзушылықтарды есепке алып, 42 тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартық. Әскери қызметшілерге тиесілі тұрғын үй төлемақысы толықтай төленетін болады.

Мұнымен қатар, ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі қызметкерлерінің ел шекарасы арқылы азаматтарды заңсыз өткізгені анықталыпты. Десе де, Петропавл ганизонының әскери прокурорлары соңғы жылдары әскери қызметкерлер арасында орын алатын заңбұзушылықтар санының біршама қысқарғанын айтып отыр.

 

 

Бакыт Садуакасов.