Құқық қорғау органдары

Күйзелістің алдын алуға арналған шара өтті

Бұдан кейін жиында адамның өз-өзіне қол жұмсауының себептері талқыланды.

Татьяна Яковлева – психонаркодиспансер психологы.

-Соңғы мәліметтер бойынша қорытындыласақ, суицидке итермелейтін себептердің ішінде алдыңғы қатарға отбасы мен жұмыстағы дау-жандалдар шығып отыр. Сондай-ақ, адамның сана-сезімінде терең із қалдырған тұрмыстық келеңсіздіктер де ақырында өз-өзіне қол жұмсауға соқтыруы мүмкін екен.

Шенді психологтар да әріптестерінің пікірін қостап отыр. Ішкі істер органдарының қызметкерлері құқықбұзушыларды ұстау барысында күйзеліске ұшыраған адамдарға жиі кезігеміз дейді.

Ләззат Мурталимова, Петропавл қаласы ІІБ кадрлық жұмыс бөлімінің инпектор-психологы.

-Көп күйзеліс адам ағзасына және жалпы оның өмір сүруіне кері әсер етеді. Жағымсыз көңіл күйінен жұмыста арыла алмаған соң ол үйіне келіп жанұясымен келіспей қалуы мүмкін. Оған нормаланбаған жұмыс күні де қатты әсер етеді.

Психологтар мен конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары ұйымдастырған кездесуді қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдық батальонының қызметкерлері зор ынтамен тыңдады.

Ләззат Мурталимова, Петропавл қаласы ІІБ кадрлық жұмыс бөлімінің инспектор-психологы.

-Жан азабының алдын алуға арналған өте көп әдіс-тәсілдер бар. Соның ішіндегі ең негізгісі – таза ауамен демалып, далада жиі серуендеу қажет. Бірақ, жұмыстың көптігінен кейбіреуінің отбасына көңіл бөлуге, олармен әңгімелесуге уақыты да қалмайды. Сондай-ақ, ваннада жарты сағат болсын жатып, шомылса, немесе спортпен айналысу да күйзелістің алдын алуға септеседі.

Бұдан кейін жиынға қатысушылардың арасында домалақ сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша күйзеліс пен өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соқтыратын жағдайларға талдау жасалмақ.

Сагыныш Маркашева.