Балалар

Көңілділер мен тапқырлар клубының өкілдеріне арналған шеберлік сыныбы өткізілді

Людмила Бурунбаева, “Жас-Ұлан” СҚОФ балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының менеджері.

-Шеберлік сыныбының басты мақсаты – облысымыздың дарынды жастарын қолдап, көңілділер мен тапқырлар клубының ойындарын жастар арасында дәріптеу. Шара барысында, студенттерді әзілдерді ойлап тауып, оларды сахна төрінде көрсету ережелерімен таныстырамыз.

Алексей Садовский М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ін бірнеше жыл бұрын тамамдағанымен, көңілділер мен тапқырлар клубымен байланысын үзбеген. Әлі де сахна төріне шығып, әзіл-қалжыңдарымен көрерменді езу тарттырады. Бүгінгі шараға ол өз тәжірбиесімен бөлісу үшін келіпті.

Алексей Садовский.

-Көрерменді күлдіру – мен үшін тек ермек емес. Бүгін көңілділер мен тапқырлар клубына қызығушылық танытқан жастардың көптігі де қуантпай қоймайды. Ендігі кезекте, олар біздің клубқа келіп, осы іске жан-тәнімен берілсе тіпті жақсы болмақ. Көңілділер мен тапқырлар клубтарына барлық студенттерді шақырамын, себебі бұл өте қызықты іс.

Шеберлік сыныбы аяқталған соң, көңілділер мен тапқырлар клубындағы жастардың қатарына бірінші курстың бірқатар студентері жазылды.

Ильнур Гарапшин, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті .

-Бүгінгі шара маған өте ұнады. Қазір мен бірінші курстың студентімін. Болашақта көңілділер мен тапқырлар клубында ойнағым келеді. Себебі, бұл өте қызықты және көңілді.

 

 

Сагыныш Маркашева.