МТРА жаңалықтары

Балаларға арналған жаңа ойын алаңы тұрғызылды

Азамат Бекқожынов – “Жылдам тұрғызылатын құрылымдар зауыты” ЖШС директорының орынбасары.

-Біздің зауыт балалар мен ересектердің демалысын тиімді ұйымдастыру үшін қаладағы үй аулаларын жаңартуды қолға алды. Бұл ойын алаңы балғындардың дене шынықтырумен айналысулары үшін маңызды. Есесіне өскелең ұрпақ үшін жасалған игілікті шара өз нәтижесін береді деген ойдамыз.

Балалар алаңқайын тұрғызуды “Мастер-спорт” компаниясы өз мойнына алыпты. Олар нысанды 3 аптаның ішінде жасап шыққан.

Сергей Бурыкин – “Мастер-спорт” компаниясының жетекшісі.

-Бұл балалар алаңқайын көп функционалдық нысан деп айта аламыз. Ойын алаңын тұрғызуда отандық өнімдерді қолдандық. Материалдардың сапасы жоғары. Қыста суыққа төзімді, жазда күн сәулесінен қорғайтын жабындысы бар.

Заманауи ойын алаңқайында егде тартқан жандарға арналған жаттығу құрылғылары да орнатылыпты. Аға буын өкілдері өздері тұратын үй ауласының адам танымастай өзгеріп, гүлденгеніне риза.

Жұмаш Сейітбеков.

-Енді міне, мына келіп жатқан облыс әкімі көп дүниені істеп жатыр. Қала жайнап кетті. Барлығын реттеп келеді. Біз қарттар жасалып жатқан жұмыстарға алғысымызды білдіреміз.

Қазір аулада тұратын балалар алаңсыз ойнап, әткеншектердің қызығын көруде.

“Жылдам тұрғызылатын құрылымдар зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта игі шараны жалғастырмақ ниетте.

 

 

Бакыт Садуакасов.