Құқық қорғау органдары

Жыл басынан облыс аумағында жасөспірімдерге қатысты 18 алаяқтық фактісі тіркелді

Шалқар Рахматуллин, СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі.

-Жыл басынан облыс аумағында жасөспірімдерге қатысты 18 алаяқтық фактісі тіркелді. Оның 13-інің беті ашылды. Мұндай қылмыстар көбіне облыс орталығында орын алуда. Және қымбат ұялы телефондар жиі ұрланады.

Ұялы телефондарды ұрлау мен алаяқтық фактілерінің алдын-алу мақсатында ювеналдық полиция инспекторлары балалар және олардың ата-аналарымен үнемі әңгеме өткізеді. Тәртіп сақшылары жеткіншектердің телефоны жоғалған жағдайда тез арада хабар беру керек дейді. Дер кезінде әрекет еткенде ғана қылмысты ізін суытпай ашуға болады.

Шалқар Рахматуллин
, СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі.

 

-Мұндай қылмысқа жол бермеудің тиімді тәсілі – балаларға арзан телефон алып беру керек. Және олармен әңгіме жүргізіп, байланыс құралын бөгде адамдарға беруге болмайтынын түсіндірген абзал.

Тәртіп сақшылары ұялы телефонды сатып алғанда, IMEI-коды жазылған қорабын сақтап қою қажет дейді. Өйткені, осы номер арқылы ұрлықшыларды тез анықтауға болады.

 

 

Бану Ахметова.