Құқық қорғау органдары

Жол ережесін бұзған 8 мыңнан аса петропавлдық айыппұлын төлемеген

Сабит Калимурзин – СҚО бойынша құқықтық статистика мен арнайы есеп басқармасының бас маманы, санақшы.

-Бүгінде айыбын төлемегендердің тізімінде 8 мыңға жуық жүргізуші бар. Қазір әкімшілік полицейлер көліктерді тоқтатып, рөлдегі азаматтардың мойнында берешегі бар жоқтығын тексеруде. Егерде төленбеген айыппұлы анықталса, сот орындаушысы оны өндіруге қатысты арнайы шара қолданады. Жүргізуші айыпты толық өтейді, не болмаса, біз оның автокөлігін арнайы тұраққа жеткіземіз.

Қасымхан Мусареповтың көлік тізгіндегеніне 5 жыл болды. Осы аралықта оған бірнеше мәрте айып салынғанымен, жерлесіміз бәрін бірден төлегенін айтады. Бүгінгі тексерісте де оның есімі борыншкерлердің тізімінде анықталған жоқ.

Қасымхан Мусарепов – жүргізуші.

-Жүргізуші болғаннан кейін ереже бұзылмай болмайды. Бірақ өзіме салынған айыппұлдарды уақтылы өтеп жүрмін. Жолда жүру ережелері де өзгеріп тұрады. Соларды біліп отыру үшін жаңалықтарды қараймын.

Жолда жүру ережесін бұзып, айыпты уақытында төлемейтіндердің дені – такси жүргізушілері мен жастар.

Мұхтар Шәріпов – такси жүргізушісі.

-Мен жүргізуші ретінде жол ережесін бұзбауға тырысып бағамын. Бірақ түрлі жағдайлар болады. Десе де, айыптарды кешіктірмей төлеймін. Қазір жол ережесін бұзғаның үшін белгіленетін айыппұлдар мөлшері біршама жоғарылаған. Бұл орайда жүргізуші ережені бұзбауға тырысады деп ойлаймын.

Мұндай рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

 

Риат Шони.