Билік

“Нұр отан” партиясы СҚОФ филиалының төрағасы Ерік Сұлтанов азаматтарды қабылдады

Бүгінгі таңда қалада 9589 адам үй кезегінде тұр. Ағымдағы жылы 10 көпқабатты үй қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Бірақ бұл пәтерлер тек тізімнің басында тұрған 144 отбасына берілмек. Сондықтан Күлзипа Аюпованың мәселесі жақын арада шешілмейтін түрі бар.

Екінші топтағы мүгедек Алексей Басмановты толғандырған мәселе де баспана жайы болды. Ол апатты деп танылған үйде тұрып келеді. Үй алуға 2009 жылы өтініш беріпті. Ерік Сұлтанов бұл сұрақты шаһар басшысы Төлеген Закарияновқа шешуді тапсырып, наурыз айына дейін жатақхана беру қажеттігін айтты. Және бұл мәселені жеке бақылайтынын жеткізді.
Гүлбану Қасеноваға да аймақ басшысы көмек беретінін жеткізді. Нәзікжанды үй кезегінде 32-ші болып тұр екен.

Облыс әкімінің қабылдауына муниципалдық телеарнаның директоры да кірді. Евгений Сазанов “Мен чемпион” атты балалар спорттық ойынының жобасын қайта қолға алуды ұсынды. Бірінші рет бұл жоба қазақстандық телеарналарда 2000-2002 жылдары көрсетіліпті. Ең алдымен, чемпион болу үшін қалалық мектеп оқушылары таласса, содан соң республикалық кезеңі өткізілген болатын. Сайысқа петропавлдық мектеп оқушыларынан өзге еліміздің 10 қаласы ат салысты. Бүгінгі күні осы жобаны қайта ұйымдастыру керек дейді муниципалдық телеарнаның басшысы.

Евгений Сазанов, “МТРА” ЖШС директоры.

-Бұл ойынды кез келген жерде ұйымдастыруға болады. Бұған 12-14 жастағы жеткіншектер қатыстырылмақ. Бір команданың құрамында ұлдар да қыздар да болады және барлығы тең дәрежеде ойнайды. Біз, осылайша, балаларды бос уақытын тиімді ұйымдастырып, оларды барынша спортқа баулуды мақсат етіп отырмыз. Алдағы уақытта бұл жобаға қатысу үшін жеткіншеткер Қазақстаннның бүкіл облысынан келетініне сенімдімін.

Жоба облыс әкімі тарапынан қолдауға ие болды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Жобаға 10 мыңдаған жеткіншек қатысады деп ойлаймын. Біз барлық аудан мен ауылдардағы балаларды тарту керекпіз. Жеңімпаздарды ең алдымен аудан көлемінде анықтап, кейін облыстық сайысқа жіберу керек. Бұл жерде петропавлдық командалар да белсенді түрде қатысатынына күмән жоқ. Негізі, бұл – жақсы идея. Бүгінде жастарды спортқа тарту үшін облыс орталығында футбол ойнауға арналған жасанды 15 алаң құрдық. Менің білуімше, балалар онда 12-14 сағаттан ойнайды. Сол себепті, мен барлық футбол алаңдарында жарық шамдарын орнатуды тапсырдым. Бұл жұмыстар аяқталып қалды. Сіздің идеяңызға ризашылығымды білдіріп, ұсынысыңызды қолдаймын. Сіздің бастамаңыз бен біздің қолдаудың нәтижесінде бұл жұмысты тез арада қолға алу керек.

“Мен – чемпионмын” жобасы аясындағы бірінші ойын осы жылдың қазан айында өтеді деп жоспарланып отыр.

 

Бану Ахметова.