Денсаулық сақтау

Облыстағы кардиологиялық орталықтың ашылғанына бес жыл

Мақсат Кудратуллаев – Кардиологиялық орталықтың рентгенэндовоскулярлық хирургия және сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі.

-2009 жылдан бері операциялардың саны көбейіп келе жатыр. Егер 2009 жылы жылына шамамен алғанда 500-дей зерттеу және 20 емдеу отасын жасаған болсақ, ал қазірде зерттеу операциясы 1300-ге жетті. Ал емдік операциялар 600-ге жуықтады. Емдік операциясының түрі ол – жүрек артериясына стенд салу. Осы 2012 жылдан бері жүрек артериясына өзінен-өзі тарап кететін стендттер салып жатырмыз.

Кардиолог мамандар күніне шамамен алғанда 2-3 емдеу отасы мен 7-8 диагностикалық зерттеулер өткізеді. Бөлімшеде еңбек етіп жүрген ақхалаттылардың барлығы жоғары санатты дәрігерлер. Олар жыл сайын шет мемлекеттерде біліктіліктерін арттырып отырады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, жүрек-қан тамырлары дерттеріне көбіне 40 жастан асқан азаматтар шалдығады екен. Көп жағдайда науқастар ауруы әбден асқынған кезде ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Сол себепті кардиологтар тұрғындарға жыл сайын тексерістен өтіп тұруға кеңес береді.

Мақсат Қудратуллаев – Кардиологиялық орталықтың рентгенэндовоскулярлық хирургия және сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі.

-Жүрек-қан тамырлар ауруы жақсарып келе жатыр. Көбіне, бұл аурумен 40 жастан кейінгі адамдар шалдығады. Ең жиі кездесетіні – 50 мен 60 жастағылар.

Ал мына кардиохирургиялық бөлімшеде солтүстікқазақстандықтарға жүректі ауыстырудан басқа, хирургиялық оталар мен клапанды протездеудің түрлі операциялары жасалады. Осы жылы аталмыш кардиохирургиялық бөлімше меңгерушісі Игорь Шумаков ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі атынан алғыс хатқа ие болыпты.

Игорь Шумаков – Кардиологиялық орталықтың кардиохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі.

-Кардиологиялық орталық ашылмай тұрып, біздің дәрігерлеріміз арнайы оқу курстарынан өтті. Әрине, бүгінгі кездері бөлімшеміздің материалдық жағдайы айтарлықтай жақсарып, соңғы шыққан медициналық қондырғылармен толығуда. Ол ең біріншіден кардиология саласына көңіл бөлудің нәтижесі. Сондай-ақ бөлімшеде еңбек ететін дәрігерлер біраз ысылып, тәжірибе жинақтады.

Орталықтағы кардиохирургиялық бөлімше 20 орынға шақталған. Қазірде мұнда қала мен облыс аудандарынан келген тұрғындар емделуде. Қалбай Тукенов Тайынша ауданының тұрғыны. Жерлесімізге жасалған ота сәтті өткен.

Бұдан бөлек орталық бөлімшесінде ем-дом шараларына арналған кабинеттер мен зертханалар бар. Мысалға, мына зерттеу бөлмесінде науқастардан алынған қан үлгілеріне биохимиялық талдаулар жүргізіледі. Ол арқылы емделушінің денсаулық жағдайын, жүрек қағысының көрсеткіштерін нақты анықтауға болады. Орталықта сондай-ақ анестезиология және реанимация бөлімшесі бар. Қазір мұнда 5 науқас ем-дом шараларын қабылдауда.

 

 

Бакыт Садуакасов.