МТРА жаңалықтары

«Петропавл жылу желілері» ЖШС қаладағы 1-ші жылу магистралінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Игорь Осняч- «Петропавл жылу желілері» ЖШС қалыпқа келтіру және жаңғырту басқармасының басшысы.

-Бұл магистраль қала орталығында орналасқан 4-ші насос станциясынан ДСР ауданына дейін жалғасады. Жуық арада онда спорт сарайы салынады. Сондықтан аталмыш ауданның инфрақұрылымын дамыту қажет. Сондықтан диаметрі 400 мм-лік құбырларды, 500 диаметрлісіне алмастырудамыз.

Жаңадан төселіп жатқан құбырлардың барлығы өзімізде шығарылуда. Олар бірнеше жылға шыдас беретiн жылу өткiзбейтiн изоляциялық жабындымен қапталған. Бұл жұмыстарға 194 млн теңге қаржы бағытталды.

Игорь Осняч- «Петропавл жылу желілері» ЖШС қалыпқа келтіру және жаңғырту басқармасының басшысы.

-Бұл жұмыстар инвестициялық бағдарлама аясында жүргізіліп жатыр. Ол тарифтен түсетін қаржы, яғни тұтынушылардың қызмет үшін төлеген ақысы есебінен жөнделуде. Осы жерде нақты жұмыстарды көруге болады.

Бұл жердегі қауырт шаруаға 20 маман мен қажетті техника жұмылдырылған.

 

 

Магжан Ахмадина.