МТРА жаңалықтары

Әскери бөлімшелер арасында әскери-спорттық көпсайыстан жарыс өтуде

Қазір сарбаздар жарыс алдында дайындықтарын пысықтап жатыр. Қарағанды қаласындағы 54/51 әскери бөлімшесінен келіп отырған Еркебұлан Түсіпбековтің аталмыш жарысқа алғаш рет қатысуда. Сержант мұндай оқу-жаттығу сайыстары әскерилердің өзара тәжірибе алмасуына және кәсіби шеберліктерін шыңдауына септеді, – деп отыр.

Еркебұлан Түсіпбеков – 54/51 әскери бөлімінің қызметкері.

-Осы жарысқа келер алдында өзіміз бір жарым айдай дайындалдық. Бүгінгі жарыста жеңуге тырысамыз. Жақсы дайындықпен келдік.

Әскери бөлімшелер арасында ұйымдастырылып отырған көпсайыс 3 күнге созылмақшы. Жарыстың алғашқы күні 8 команда жауынгерлері калашников автоматынан оқ атып, қырағылықтарын көрсетуде. Ережеге сәйкес 8 минуттың ішінде 10 оқты нысанаға дәл тигізгендері үздік мерген атанады.

Ал түс ауа сарбаздар белтемірге тартылудан сынға түсіп, өз араларында мықтыны анықтайтын болады. Талап бойынша әр сайыскер 26 рет тартылуы тиіс.

Жеңіс Құлбаев – ҚР Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығы бастығының орынбасары.

-Біздің өңірлік қолбасшылық жауынгерлік сайыстарды жыл сайын өткізіп тұрады. Өткен жылы көпсайысты Көкшетау қаласында ұйымдастырдық. Осы жолы жеңіске жеткен әскерилер еліміздегі барлық өңірлік қолбасшылықтарының басын қосатын жарысқа жолдама алады. Бұл жиын бір жағынан әскери қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін шыңдайды.

Әскери-спорттық көпсайыстың екінші күні әскерилер граната лақтырудан шеберліктерін көрсетпек.

 

 

Бакыт Садуакасов.