Білім

Петропавлда тіл байқауы өтті

Бұл Махамбет Өтемісұлының “Соғыс” өлеңі. Шығарманы қаладағы бірінші гимназияның 9-сынып оқушысы Сирена Исираилова байқаудың үшінші кезеңіне дайындап әкеліпті. Жалпы, бұндай сайыстарды оқушы қалт жібермейді екен. Ұлты қырғыз болса да, қазақ тілін жақсы меңгерген. Және қазақ классиктерінің шығармаларын сүйіп оқиды. Сондықтан, бүгінгі байқауға жақсы дайындалғандығын алға тартуда.

Сирена Исираилова, Бірінші гимназияның оқушысы.

-Өткен жылы бұл конкурстан бірінші орын алдым. Биыл да солай жеңіске жеткім келеді.

“Тіл- халық жанын танудың кілті” атты қалалық байқауға түрлі ұлт өкілдерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысуда. Жалпы саны 18 сайыскер. Сайыстың алғашқы кезеңінде оқушылар лексикалық-грамматикалық тест тапсырмаларын орындады. Бұдан соң тағы екі кезеңнен өтулері керек.

Алтынай Сыздықова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басы маманы.

-2-ші кезең ауыша және жазбаша тапсырмалардан тұрады. 3 кезең қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау және прозалық немесе поэзиялық шығармаларынан үзінді оқуы керек.

Байқау жүлдегерлері диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал үздік деп танылғандары қыркүйектің 13-інде өтетін облыстық байқауға жолдама алмақ.

 

Бану Ахметова.