Қоғам

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында жаңа жанұя пайда болды

Жанар Мұстафина- отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі.

-Біз үнемі еттен тағам жасаймыз. Жеміс-жидек, көкөністер ас мәзірінде міндетті түрде болу керек. Қыздармен қосылып ылғи бауырсақ, тәтті тоқаштар пісіреміз. Бұның бәрі оларды келешекте үй шаруасына баулуға септеседі.

Анастасия Манторова бұл жанұяға жақында ғана қосылды. 14 жасар қыз қазір жаңа бауырларына үйреніп келеді. Ол отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешілері жақсы, әрі біздің алаңсыз өмір сүріп, оқуымызға бар жағдай жасалған дейді.

Анастасия Манторова.

-Бізді мұнда барлығына үйретеді. Бос уақытымызда өзіміздің ұнататын ісімізбен айналысамыз. Мен сабағымды 4 пен 5-ке оқимын. Мектепте де түрлі үйірмелерге қатысамын. Болашақта суретші болуды армандаймын.

Отбасы мүшелері толығымен жиылғанда олар бірігіп теледидар көреді, кітап оқиды. Мұнда тәрбиеші болып келген Жанар Мұстафина да балалар тыңғылықты, әрі бауырмал екендігін айтып отыр.

Жанар Мұстафина- отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі.

-Біз көшіп келгенде маған бір ұнағаны – барлығы бізге көмектесті. Қолдан келгендерін аяп қалған жоқ. Міне тәрбие деген осыдан басталады. Біз балаларды мейірімді, бауырмал жақсы азамат болып өсуге үйретеміз. Олардың әрқайсысы өз отбасыларын тауып, өмір жолын тапса екен деймін.

Любовь пен Тимофей Тлеулиновтардың мұнда келгеніне 1 жұмадан асқан. Бұрын олар Қызылжар ауданы Архангелка селосындағы кәмелетке толмағандар үйін паналаған. Қазір апалы-інілі екеуі өзге балалармен бірге мектепке барып жүр.

Любовь Тлеулинова.

-Мен өзгелер сияқты ініммен мектепке бара жатырмын. Жуырда ғана осында келсек те, басқа балалармен тез тіл табысып кетті. Біздің анамыз жақсы. Ол тамақты дәмді етіп пісіреді.

Жалпы бүгінде мұнда 54 бала тәрбиеленуде.

Магжан Ахмадина.