Спорт

Облыстық спорт мектеп-интернатында 4 жаттығу залы пайда болды

Ал келесі дзюдо залына 2 жаңа тотами жеткізілсе, бокс бөлмесіне жаттығуларға қажетті барлық құралдар алынған. Қазір мұнда жеткіншектер өзара қолғап түйістіріп, шеберліктерін шыңдауда.

Ділшатбек Тайыржанов – облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі.

-Біз осы залға келгенімізде барлығы жаңа болып тұрған еді. Алдыңғы жылы ескі болатын. Енді бізге мол мүмкіндіктер туып отыр. Қазір ел біріншілігіне дайындалып жатырмыз.

Биыл интернатта ауыр атлетика залы да пайда болды. Нысанды жөндеп, ішін қажетті жаттығу құралдарымен жарақтандыруға 20 млн. теңге жұмсалған. Облыстық спорт федерациясы да игі іске ат салысып, қосымша 2 миллион теңге бөліпті. Ауыр атлетикадан облыстың аға бапкері Эрик Алибаев бұрындары құрал-жабдықтардың аздығынан, біраз қиындықтарға тап болған едік, енді жағдай түбегейлі өзгермек дейді.

Эрик Алибаев – ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы.

-Облыста ауыр атлетика спортын жаңғыртып жүргенімізге 7 жылдай болып қалды. Осы уақыт аралығында халықаралық жарыстарға шебер атлеттерді даярлап шықтық. Бұрын нақты жаттығу жасайтын бөлмеміз болмаған еді.

4 жаттығу залының барлығына заманауи құрал-жабдықтар алыныпты. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының мамандары аталмыш нысандардың қалпына келтірілуі спортшылардың алдағы уақытта жоғары жетістіктерге жетулеріне серпін беретінін айтуда.

Арман Чилманов – ҚР таэквон-додан спорт шебері.

-Бұл облыста үлкен мүмкіншіліктер бар. Балалар болашақта үлкен жетістікке жетеді деп ойлаймын. Өзім де спортшы болдым. Бұрын мұндай жағдай біздерде болмайтын.

Бүгінгі таңда облыстық мектеп-интернатында 293 оқушы тәлім-тәрбие алуда.

 

 

Бакыт Садуакасов.