Билік

Облыс әкімі әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады

Өңір жетекшісі интернат тәрбиеленушілеріне арнап әкелген сыйлығын тарту етті.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Большая работа проводится в интернате. Она успешна. Наш скромный подарок – проектор.

Осы айдың соңына дейін интернаттың ауласына жаттығу құралдары орнатылады. Жоба құны – 1 млн теңгеге жуық. Айта кету керек, бүгінде мекемені кеңейту қажеттігі туындаған. Яғни, тағы 100 орын қарастырылса, еліміздің өзге облыстарынан келетін жеткіншектерге де кәсіби көмек көрсетілер еді. Ерік Сұлтанов қаладағы психоневрологиялық ауруларға арналған интернат-үйіне де соқты. Емдеу орны 310 адамға шақталған.

Қазіргі уақытта интернатта күндізгі бөлімше, сенсорлық бөлме, спорт залы, тігін шеберханасы, кітапхана жұмыс істейді. Мекемеде емделіп жатқан жандардың шығармашылықпен айналысуына қажетті жағдай жасалған.

Облыс әкімі бұл жолы өндіріс орындарын да назардан тыс қалдырған жоқ.
Мәселен, «AVAGRO» ЖШС-гі ауыл шаруашылығында қолданылатын бүріккіш шығарады, дәнді дақылдарды химиялық өңдеу бойынша қызмет көрсетеді.

Николай Ерохин, «AVAGRO» ЖШС директоры.

-Бізде МТЗ-ға ұқсас 15 машина жұмыс істейді. Биыл 250 мың гектар алқапты өңдедік.

Өңір басшысы тапсырыс көлемін сұрады. Кәсіпорын директоры Николай Ерохин тіпті, қажет болып жатса, өндіріс қуатын екі есеге арттыра алатынын жеткізді.

Николай Ерохин, «AVAGRO» ЖШС директоры.

-Сепкіштердің мыңға жуығын шығардық. Біздің есептеулеріміз бойынша Қазақстандағы егістіктің 25 пайызы біздің бүріккіштердің көмегімен өңделеді.

Облыс әкіміне аталған машиналардың жұмыс істеуі көрсетілді.

Сондай-ақ, өңір жетекшісі өндіріс цехымен танысты. Мұнда 50 адам еңбек етеді.
Соңынан Ерік Сұлтанов “Агрореммаш” зауытына соқты. Кәсіпорында 33 жылдан бері ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектері шығарылуда.

Михаил Токарев, «Петропавл Агрореммаш зауыты» ЖШС директоры.

-Жүк тиегіш, темір арбалар, ветеринарлық өңдеуге арналған білдек, қосалқы бөлшектер жасаймыз. Барлық өнім ел аумағында сатылады.

Зауыт өнімі ел нарығында саудаланады. Келешекте Ресейге де шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорын директоры облыс әкімінен зауытқа дейінгі жолдың жөнделуін жылдамдатуға ықпал етуін өтінді.

 

Данаш Хамзина.