Құқық қорғау органдары

«Абайлаңыз- бағдаршам» республикалық акциясы жалғасуда

Әбілсейіт Жолаушин- СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы.

-Жыл басынан бері облыс бойынша 196 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 27 адам қаза тауып, 240-ы түрлі дәрежедегі жарақат алды. Апаттардың дені жаяу жүргіншілерді қағып кетуге қатысты орын алған.

Оқу жылы басталысымен жол сақшылары оқушылармен де белсенді түрде жұмыс жасауда. Бүгін полицейлер Петропавлдағы түзету мектеп-интернатында сабақтар өткізіп жатыр.

Айгүл Жүнісова- тәрбиеші.

-Бұл бірінші кездесу емес. Жыл сайын өткізіп тұрамыз. Мұндай шаралардың ұйымдастырылуы дұрыс деп ойлаймын. Балаларға бейнекөріністер арқылы жолда жүру ережелері, бағдаршамнан қалай өту керектігі көрсетіледі. Оны оқушылар тез ұғады.

«Абайлаңыз-бағдаршам» акциясы қыркүйектің 10-на дейін жалғаспақ.

 

 

Магжан Ахмадина.