Қоғам

Отбасы күніне орайластырылған шаралар

Артур Молдағұлов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.

-Бұл шараны ұйымдастыруға отбасылық тәрбие институты мұрындық болып отыр. Бұдан бөлек аптасына үш рет психолог мамандар телефон арқылы хабарласқан жандарға кеңес береді. Ол тегін және жасырын түрде жүргізіледі.

«Отан от басынан басталады» демекші жиынға қатысушылар жанұяның баланың тұлға болып қалыптасуындағы рөлі жайлы да баяндады. Отырыста отбасы құндылықтары, тәрбие мәселесі де қозғалды. Психолог Әлфия Байгелдинованың айтуынша соңғы кездері мемлекеттің қолдауына ғана қарап отыратын жалғызбасты аналар көбейіп кеткен.

Әлфия Байгелдинова- СҚО әйелдерді қолдау орталығының психологі.

-Бізге келіп көмек сұрағандарға қол ұшын беруге тырысамыз. Кей кездері аналарды жұмысқа орналастыру мақсатында, оның жағдайын айтып, талай мекеменің табалдырығын тоздырамыз. Бірақ сол жұмыс мәселесін өздеріне айтқанда, олар қызмет істегісі келмейтін болып шығады. Уақыты ыңғайсыз, жалақысы мардымсыз деген себептерді алға тартып, жұмыс істеуге құлық танытпайды. Өйткені көпшілігінің әлеуметтік көмектің берілетіндігіне еттері үйреніп алған.

Әрине, масылдықты толықтай жою мүмкін емес, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, бұл мәселені де біржақты етуге болады дейді жиынға қатысушылар.

 

 

Магжан Ахмадина.