Қоғам

Демалыс күндері облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Аман Қабдөшев- М.Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары.

-Өткен жолы 1,5 млн теңгенің тауарын әкелгенбіз, осы жолы да сондай сомаға жеткіздік.

Жәрмеңкеде азық- түлік өнімдерінің 80-ге жуық түрі ұсынылыпты. Шараға өңіріміздің 8 ауданы қатысты. Вячеслав Смирнов қалаға әдейілеп 300 келі балық жеткізген.

Вячеслав Смирнов.

-Жәрмеңкеге 5-ші рет қатысып отырммын. Балық әкелетіндер молынан. Десе де, Тауарымыз лезде өтіп кетеді. Өйткені, тұтынушыларымыз көп. Бұл балықты кеше ғана ауладым.

Жәрмеңкеге келген қала тұрғындарының көңілі тоқ. Өйткені ұсынылып отырған тауарлардың бағасы базардағыға қарағанда, 10- 20 пайызға төмен. Құны қалта көтерерлік, әрі ауылдан келген май, сүт, бал, жұмыртқа, еттің сапасы жоғары дейді олар.

Ал өңіріміздің өнер ұжымы жәрмеңке көркін қыздыра түсті.

 

Магжан Ахмадина.