Қоғам

Бизнес-жобаларды қолдауға арналған семинар өтуде

Әбділда Шаменов – “Технологияларды коммерцияландыру орталығы” ЖШС бас директорының орынбасары, Астана қаласы.

-“Қазіргі таңда “Технологияларды коммерцияландыру орталығының” мамандары гранттық бағдарламаның бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша 710 миллион теңгенің 16 жобасын таңдап алды. Әр кәсіп иесі өзіне берілген уақыт ішінде жобаны іске асыруы керек. Бұл басты талаптардың бірі. Біз экономиканың әр саласы бойынша жобаларды қарастырамыз. Өтініштің көпшілігі – мұнай-газ, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласынан келіп түседі.

Орталық құрылған 2008 жылдан бері 4,5 миллиард теңгенің 33 инновациялық жобасы мақұлданыпты. Осы күні серіктестік өкілдері үздік инновациялық идеяларды коммерцияландыру бойынша жаппай жұмыс істеуде. Бизнес-жобаларын қаржыландыру өтінішін негізінен, Астана мен Алматы қалаларының кәсіпкерлері жиі ұсынатын көрінеді. Ал солтүстікқазақстандықтар бұл көштің соңында келеді дейді, – орталық мамандары.

Олег Дьяченко – “Технологияларды коммерцияландыру орталығы” ЖШС жанындағы “CRDF Global” зияткерлік меншік мәселесі бойынша кеңесшісі.

-Технологияларды коммерцияландыру орталығы кеңесшілерінің алдарына қойған басты мақсаты – еліміздің ғалымдары мен кәсіпкерлеріне нарыққа бірегей ғылыми технологияларды жылжытуға септесу. Біз отырысқа келгендерге гранттық бағдарламаға қатысу тәртіптерін түсіндіріп, бизнес-идеялар бағдарламасын әзірлеу әдістерін таныстырмақпыз. Көп жағдайда тың бизнес-жобаларды іске асыруға қаржылық қиындықтар бөгет болады. Ал осы семинарда біз жобаларды тартымды етудің амалдарын үйретеміз.

 

Биыл еліміз бойынша 12 көшпелі оқу семинарын өткізу жоспарда бар. Орталық мамандары келесі семинарды Павлодар қаласында өткізбекші.

Бақыт Сәдуақасов.