Құқық қорғау органдары

Республикалық “Учаске” жедел-алдын алу шарасы

Айдар Қуандықов, Петропавл қалалық ІІБ учаскелік полициясының инспекторы.

-Жедел алдын-алу шарасы дайындалу және оны өткізу жоспары ҚР ІІМ 2014 жылдың тамызынан бастап, тұрғылықты қызмет көрсету, құқықбұзушылықтың алдын-алу, сондай-ақ учаскелік полициясы инспекторының халық алдында имиджін көтеру.

Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауда жедел-іздестіру тобы мен 13 аймақтық пунктте 70-ке тарта учаскелік инспектор кезекшілік атқарады.

Айдар Қуандықов, Петропавл қалалық ІІБ учаскелік полициясының инспекторы.

-Шара қыркүйектің бірінен желтоқсанның біріне дейін жалғасады.

Шара барысында полиция қызметкерлері қалалық ішкі істер басқармасында есепте тұрған 300 тұлғаны тексеріп, тұрғылықты мекен-жайы жоқ 100-ден астам адамды ұстады. Тәртіп сақшыларының назарынан шетелдік азаматтар да тыс қалған жоқ. Акция аясында олардың 105-інің тұратын жері тексеріліп, 3-еуінің Көші-қон заңнамасын бұзғандығы анықталды. Полицейлер ұсақ қылмыспен күреске де да баса көңіл бөлуде. Бұл жұмысты атқаруда олар 12 бұзақыға, абаттандыру ережесін елемеген 15 адамға және қоғамдық жерлерде ішімдік ішкен 100 азаматқа айыппұл салған. Ал жолда жүру ережесін бұзған 400-ге жуық автокөлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Бану Ахметова.