Әр түрлі

Отбасы құндылықтарын сақтауға арналған дөңгелек үстел отырысы

Әлімжан Мәжитұлы, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” ҚБ мүшесі.

-Біз қала мен аудандағы қазақ мектептерінде қазақтың салт-дәстүрлері деген факультативтік сабақтарды енгізу үшін педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты, университет оқытушыларымен бірігіп бағдарлама жасап шығарды. қазір соны барлық аудандағы мектептерге таратып жатырмыз.

Жиынға қатысушылар отбасы құндылықтары балабақшадан бастап, мектепте жалғасып, университетте де кеңірек дәріптелсе дейді.

Амангелді Иманов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

-Өкінішке қарай, ата-аналардың көбі балаларына ар-ұят, намыс деген ұғымдарды түсіндіріп, үйретпейді. Мұның бәрін біз күнделікті өмірде көріп, байқап жүрміз. Тіпті, кейбір балалар тұрмыста жиі қолданылатын сөздердің өзін жөндеп айтпайтын болған.

Жиында сондай-ақ, отбасы құндылықтары мен қазақ халқының салт-дәстүрі жазылған кітаптар көрмесі ұсынылды.


 

Берик Касен.