Спорт

ЕС 164/6 түзету мекемесінің қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Айқын Баженов – ЕС 164/6 түзету мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

-Біз ЕС 164/6 түзету мекемесі қызметкерлерінің арасында денсаулық күніне арналған спорттық шара өткізейін деп жатырмыз. Бұл шарада волейбол, футбол және эстафета жүгіру өткіземіз.

Ең алдымен тәртіп сақшылары денені шынықтырудан бастады.

Одан соң барлығы жылдамдықтары мен шыдамдылықтарын жүгіруде сынап, күштерін арқан тартысуда байқады.

Жеңімпаз тарапты анықтау қиынға түсті. Екі жақ та бір-біріне берілмеді. Дегенмен, күші басым жақ жеңіске жетті. Түзету мекемесінде бақылаушы болып қызмет ететін Федор Смирнов командасының ұтылып қалғанына қарамастан алдағы ойындарда жеңетініне сенімді.

Федор Смирнов – ЕС 164/6 түзету мекемесінің бақылаушысы.

– Бұл жарыстар бірінші рет өткізіліп жатыр. Бұл бастама маған ұнайды. Мен өзім футболдан сынға түсемін. Бәріне сәттілік тілеймін.

Осыдан кейін волейбол мен эстафеталық жарыстарға кезек берілді. Қыз-келіншектер екі топқа бөлініп, өзара күштіні анықтады.

-Спартакиаданың келесі түрі ол – футбол. Мұнда қатысушылар өздерінің мықтылықтары мен төзімділіктерін танытады.

Футбол жарысы да қызыққа толы болды. 30 минут бойы екі команда бір-бірінің қақпаларын шабуылдаса да саңылауын таба алмады. Қорытынды есеп 0-0.

 

 

Риат Шони.