МТРА жаңалықтары

Жерлес өнертапқыштар 3 қызметті машина құрастырып, байқауында бақтарын сынады

Нұрлан Тұрсынов- М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық- педагогикалық колледжінің студенті

 

– Қазақстанда мұндай технология әлі жоқ. Біз 3 құрылғы атқаратын жұмысты бір инновациялық компьютерге тоғыстырдық.

Компьютер, сканер және принтер қызметтерін бір мезетте атқаратын бұл құрылғыны жастар 15 күнде жасап шығарған.

Илья Гуняга – М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық- педагогикалық колледжінің студенті

– Ол компьютер, сканер және принтерді жеке-жеке сатып алу қажеттілігінен айырады. Бұл – тиімді. Көп орын алмайды. Әрине, бір құрылғы бірнеше қызметті атқаратындықтан машина қызады. Біз оны салқындататын жүйе де ойлап шығардық.

Өңірде өткен байқауларда жастардың жобасы қолдау тапқан екен. Сол себепті, олар өз бағын республикалық бизнес-жобалар сайысында сынауға шешім қабылдаған. Нәтиже жаман емес, жерлестеріміз жартылай финалға дейін жетіпті. студенттер аталған байқауда бәсеке зор болды деп отыр. Қатысушылардың барлығының да ойлары озық, жобалары мықты. Әрі жасы мен тәжірибелері де үлкен болса керек.

Нұрлан Тұрсынов – М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық- педагогикалық колледжінің студенті

–  1-ші орынды 74 жастағы қария жеңіп алды. Ол экологиялық жанармаймен жүретін автомобиль ұсынды. 2-ші орын 67 жастағы шымкенттік тұрғынның еншісінде. Ал Өскемен қаласында жасалған қазақстандық антивирус жобасы 3-ші орынға лайық деп танылды.

Республика деңгейінде өткен білім жарысы жастарды тағы бір инновациялық жобаны жүзеге асыруға жігерлендіріп отыр. Айта кету керек, Нұрлан мен Илья қатысқан байқауға өңірімізден 57 өтініш жіберілген. Қазылар алқасын тек көпфункционалды компьютер қызықтырыпты.

 

Магжан Ахмадина.