Әр түрлі

Қыркүйек айын күздің қара суығымен танылады

– Менің ойымша қыркүйек те жылы болады. Жаз созылу керек. Шілде-тамыз бойы қалың киініп жүрдік. Енді тек жылыны күтеміз.

– Адамдар ауа райының ыстық болғанын қалайды. Біз әлі қысқа дайын емеспіз.

– Қыркүйек айы жылы болады деп үміттенемін. Өйткені әдемі алтын күз болу керек.

Синоптиктердің болжамы бойынша қыркүйек айының басында түнде ауа температурасының тұрақсыздығы байқалмақ. Түнде сынап бағанасы 3-8, кей жерлерде 0-5 градус жылулықты көрсетеді. Ал бүкіл ай бойы ауаның орташа температурасы қалыпты мөлшер шамасында – 10-11 градус жылы болады.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РМК СҚОФ метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы

– Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде 6-11 жылыға, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 жылыға дейін жоғарылайды. Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 10-15 жылы, күндіз 20-25 жылы болады. Екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 0-5 жылы, кей жерлерде 5 аязға дейін төмендейді. Күндіз ауаның басым температурасы 10-15, кей жерлерде 20 жылы болады.

Оған қоса жауын-шашын да мөлшер шамасында, кей жерлерде шамадан көп күтіледі.

 

Риат Шони.