Құқық қорғау органдары

Қаруы бар азаматтар дабылқаққыш орнатуға міндеттелді

Олег Есеновский

– Дабылқақыш бұған дейін де істеп тұрған. Барлық пәтер күзетке алынған. Бұл қаулы жақсы бастама. Сейфке салынған қару – өзге адамдардың қол салуына тосқауыл болғанмен, дабылқақыш сенімдірек болады. Сондықтан бәрі де заңға бағынып, дабылқақыштарды орнату керек. Бұл орайда таңдау бар.

Бұл жаңашылдық тек қалаларда тұратын азаматтарға қатысты. Бірақ қару иелеріне қойылатын қосымша талаптар да бар. Мысалы, кез-келген адам мылтықты тіркеу туралы өтініш білдірмес бұрын, қабырғасының қалыңдығы 3 миллиметр болатын сейфті сатып алуы тиіс. Бұдан бөлек күзеттік жүйемен жабдықталған арнайы орын болуы қажет.

Жомарт Абылаев, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары

– Ағымдағы жылдың 17-ші сәуірінде қабылданған 367-ші қаулыға сәйкес өз меншігінде қаруы бар азаматтар міндетті түрде дабыл системасын орнатуға міндетті. 30-шы қыркүйекке дейін дабыл системасын орнатпаған азаматтар жауапкершілікке тартылатын болады.

Заңға бағынбағандар жауапкершілікке тартылмақ. Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің 369-бабына сәйкес азаматтық тұлғаларға 1-ден 5 айлық, ал қаруды қызметтік мақсатта пайдаланатындарға 15 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салынады. Барлығы облыс аумағындағы 5 қалада 4366 қару иесі тіркелген. Олардың тек 964 -і ғана сейф пен дабылқақыш орнатқан.

Ахметова Бану.