Білім

Өңір педагогтары “PISA” халықаралық бағдарламасы бойынша арнайы курстан өтуде

Әсем Салғариева – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Аққайың ауданы

– Бұл курстар бізге қазақ тілі мұғалімдері үшін өте маңызды деп ойлаймын. Себебі қазіргі өзгермелі заманда оқушылардың сауаттылығы, мәдени-саяси, қоғамдық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмірде өз орнын таба алуына бағыттайды.

Бағдарлама – негізінен 15 жастағы қазақстандық жасөспірімдердің білім жетістіктерін бағалау мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Бұған дейін біліктілікті арттыру орталығының жаттықтырушылары, елордада білімдерін шыңдап келген. Енді білгендерін солтүстікқазақстандық педагогтарға үйретуде.

Мархаба Қуантаева – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалы директорының орынбасары

– Қазіргі кезде бүкіл әлемдік елдердің білім сапасын арттыруға қатысып отырған жобаның бірі PISA. Мұны халықаралық зерттеулер жобасы деп те айтуға болады. Қазақстан дамыған елдердің бірі ретінде бұл бағдарламаға 2009 жылдан бері қатысып келе жатыр.

Сондай-ақ қазір біліктілікті арттыру институтында Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары жасаған бағдарлама аясында білімдерін жетілдіріп жатқан мектеп мұғалімдері бар. Қазірде деңгейлік курстар бойынша 180 ұстаз дәріс алуда.

Қарашаш Жамантаева – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығындағы деңгейлік бағдарламалар орталығының жаттықтырушысы

 

– Осы бағдарламаны меңгеріп шыққан ұстаздар сындарлы оқытуға үйренеді және өз тәжірибесін рефлексиялық түрде сараптай алады. Өзінің шәкіртін сындарлы білім алуға машықтандырады. Келген ұстаздардың барлығының құштарлығы жоғары деңгейде деп айтуға болады.

Ал 15-ші қыркүйекте “PISA” бағдаламасын меңгеруге тағы бір топ солтүстікқазақстандық ұстаздар келмек.

Бақыт Сәдуақасов.