Денсаулық сақтау

Кардиологтарға арналған ғылыми конференция

Ажар Нұғманова, медицина ғылымдарының кандидаты

– Бүгінгі күні қан айналым жүйесі ауруларының ішінде артериялық гипертония, брадиаритмия дерттерін емдеуге арналған ғылыми технологиялар бар. Соңғы ауруға шалдыққан адамның жүрегі ақырын соғып, талып қалуы немесе өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Бұл дерттерді емдеуді осы орталықта да жүргізуге болады. Дәрігерлердің арнайы оқудан өткендігі қуантады. Және мұндай қауіпті аурулардың белгілеріне кардиологтар тексеріс шараларын жүргізу кезінде баса мән беруі керек.

Облыста биылғы 6 айда қан айналымы жүйесінің ауруларынан орын алатын өлім-жітімі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 100 мың тұрғынға шаққанда 9,7 пайызға азайған. Бұл солтүстікқазақстандықтарды диспансерлеу жүйесі бойынша скрингтік тексерістен өткізудің нәтижесі. Бірақ кейбір аудандарда қан айналымы жүйесінің ауруларын дер кезінде анықтап, өлім-жітімді азайту мүмкін болмай отыр. Мұны олар кадр тапшылығы, арнайы аппараттар мен санитарлық автокөліктердің жеткіліксіздігімен түсіндіруде. Көбіне ишемиялық дерт өлімге әкеп соғуда дейді ақ халаттылар. Бұл орайда өзге аудандарға қарағанда Мамлют ауданындағы көрсеткіш жоғары. Сондықтан мұндай тренингтер өңіріміздің ақ халатты абзал жандарының тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік бермек.

Мақсат Қудратуллаев, Кардиологиялық орталықтың бөлім меңгерушісі

– Бұл дертті азайту емес, бүгінгі күні 21 ғасырда халықтың барлығы қалаға көшіп келуде. Алдағы уақытта ауру көбеймесе азаймайды.

Кардиологтарға арналған шара 2 күнге жалғаспақ.

Ахметова Бану.