Қоғам

Жылыту маусымына әзірлік жүріп жатыр

Валентина Брюховец- «Пархоменко,3» ПИК төрайымы

– 27 тамызда біз жуып-шаю жұмыстартын жүргіздік. Оған дейін тиектерді қалыпқа келтірдік. Есептеу құрылғылар жаңа болса да, біз үнемі оларды тескертіп отырамыз.

Есептеу құрылғыларын орнатудың арқасында үй тұрғындары жылуға кететін ақшаларын біраз үнемдеген. Олар бар болғаны әр шаршы метрге 57 теңгеден төлейді екен. Жалпы Петропавлдағы 1041 көпқабатты үйдің осы уақытқа дейін 750-ден астамында маңызды маусымға дайындық шаралары жүргізіліпті. Осылайша, бұл көрсеткіш қазір 77 пайызды құрап отыр.

Жәнібек Әлкин- Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы

 

– Қалған үйлерде бұл жұмыстар қыркүйек айында жүргізіледі деп ойлаймын. Ең алдымен бұл тұрғындар үшін жақсы. Өйткені күн суытқанда үйлері жылуға уақытылы қосылады.

Сондықтан мамандар әлі де болса, тұрғындарға ерте істі кеш қылмай, дайындық шараларын қыркүйектің 2-ші онкүндігіне дейін аяқтауды тапсыруда.

Магжан Ахмадина.