Қоғам

Соңғы 1,5 жылдың ішінде облыстағы өндіріс ошақтарында 53 жазатайым оқиға тіркелген

Куат Сариев, “Луч” ЖАҚ Қазақстан бойынша өкілі

– Ескі белбей түсі сары ыңғайсыз, жаңсаы еуропалық стандарттарға сай келеді.

Өңірімізде негізінен ауыл шаруашылығы саласының өнімдері шығарылады. Әр қызметкерге қолайлы еңбек жағдайларын ұйымдастыру – жұмыс берушінің негізгі міндеті. Алайда, соңғы 1 жарым жылдың ішінде, облыстағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 53 жазатайым оқиға тіркеліпті. Оның 11-і өліммен аяқталса, 18 адам ауыр, 6-ауы орташа, 18-і жеңіл жарақат алған.
Мәселен өңірдегі «Янтарь-98» ЖШС-нің қызметкері тракторды жөндеп жатқан жерінде қаза тапқан. Оқыс оқиға қауіпсіздік ережесін сақтамаудың салдарынан орын алыпты. Осы орайда облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Болат Мұқашев жазатайым оқиғаларды азайту үшін-алдын-алу шараларын жүргізу керек дейді.

Болат Мұқашев, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ауыл шаруашылығын бақылау бөлiмiнің басшысы

– Кәсіпорындарда тіркелетін жазатайым жағдайлардың ең басты себептері: жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін оқымауы, арнайы киімдердің болмауы немесе оны пайдаланбауы болып отыр. Көбіне оқыс оқиғалар ауыл шаруашылығы саласында тіркелуде. Ал өндіріс ошақтарындағы жарақаттану көрсеткіштері соңғы бес жылда өзгеріссіз қалып отыр.

Семинар-кеңесте еңбек заңнамасын қатаң сақтау жайы да сөз болды. Егер жазатайым жағдай 100 пайыз жұмыс берушінің кінәсінен орын алса, жапа шеккен қызметкерге жәрдемақы төленуі тиіс.

Сергей Викторенко, Шал ақын аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы

– Өндіріс орнында мертігіп, жұмысқа жарамсыз болған азаматқа мүгедектігі анықталғанға дейін орташа жалақы есебінде уақытша жәрдемақы төленуі керек. Жәрдемақы жарақаттың дәрежесіне қарай ай сайын төленеді.

Облыстық кәсіподақ кеңесінің өкілдері де жұмыс орындарында өндірістік аурулар мен жарақаттар алғанда материалдық шығындарды өтеу мәселелерін шешуде өз таптарынан көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Людмила Голенкова, облыстық кәсіподақ кеңесінің өкілі

 

– Біздің одақ еңбек шарттарына сәйкес жұмысқа тұрғандардың құқығын қорғап, еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық түрде бақылайды. Бұл орайда, мемлекетті дамытуда ел азаматтарының денсаулығы мен өмірі маңызды. Сол себепті біз өндіріс орындарында жазатайым жағдайға тап болғандарға кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Жиынға келгендер семинар барысында өздерін толғандырған сұрақтарды да ойып, оған тұшымды жауаптар алды.

Ахметова Бану.