Әр түрлі

Қыркүйектің 6-сында елімізде аңшылық маусымы басталады

Ережеп Жанатаев, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары

– Биыл құс аулауға қатысты ешқандай жаңалық жоқ. Талаптардың бәрі бұрынғысынша қалып отыр. Тек аңшыларға 4 мемлекетті қорықта құстарды атуға болмайды. Олар Айыртау ауданындағы ботаникалық бақ және Мамлют, Согров, Смирнов қорықтары.

Бұл маусымда құс атуға жолдама алмағандар мен аңшылық құру ережесін бұзғандарға 10 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Мұндай олқылықтар биыл көктемгі аңшылық маусымында жиі орын алған. Араларында тіпті, қатаң жазаға ілігіп, 2 жылға сотталып кеткендер бар.

Ережеп Жанатаев, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары

– Биыл көктемде Астана қаласының тұрғындары “Қараша” аулап ұсталған. Қазақстанның қызыл кітабына енген ол құс түріне тұзақ құруға тыйым салынған. Міне, жуырда бұзақылардың соты болды. Тәртіпті бұзған аңшылардың көліктері мен мылтықтары заң бойынша тәркіленді. Және ол азаматтарға 2 млн. теңгеден артық айыппұл салынды. Оған қоса олар 2 жылға түрмеге тоғытылды.

Тағы бір келеңсіз жағдай қыс мезгілінде өңірімізде тіркелді. Онда Есіл ауданының тұрғыны мен петропавлдық 11 бірдей дала ешкісін атқаны үшін қылмыскер атанған.

Ережеп Жанатаев, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары

– Қыста Есіл ауданы мен Петропалдың 1 тұрғыны 11 ешкі атқан. Оларда жуырда сотталып, заң бойынша қолда бар құрал-жабдықтары тәркіленіп, біреуі 2 жылға, енді бірі 4 жылға сотталды.

Күзгі аңшылық науқаны құстар жылы жаққа ұшып кеткенше жалғаспақ.

Берик Касен.