Қоғам

Петропавлда қоғамдық дәретханалар орнатылуда

Кэтрин Софиенко – қала тұрғыны

– Қаланы аралап жүрсең, күнде бір өзгерістерді аңғарасың. Қаламыз көркейіп келеді, халықтың күнделікті тұрмысында қолайлы болатын игіліктер жасалып жатыр. Ал мына дәретхананы халық көп жүретін жерде орнатқан дұрыс болды.

Сербиялық дәретхана халықаралық талаптарға сай құрастырылған. Мырышпен қапталған нысанды 20 жыл бойы іске жаратуға болады.

Мамбет Мұқанов – Петропавл қаласы әкімдігінің «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылымдары» МКК жетекшісі

– Халықтың көп жиналған жеріне орнатылған. Халықтың сұрауы бойынша жасалды. Дәретхананың 3 бөлімі бар. Біріншісі мен екіншісі ерлер мен әйелдердікі болса, үшіншісі мүгедектерге арналған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың көтеріліп-тұруына жағдай жасалған. Жылы суы бар. Қыста электр жылытқыш пеші бар.

Солтүстікқазақстандықтар облыс орталығында жұмыс жасап тұрған осындай дәретханаға ризашылықтарын білдіруде.

– Мұндай дәретханалар демалып жүрген тұрғындарға аса қажет.

– Мен немереммен осы көшені аралаймын.Қарттарға кіру құны тегін екен.

Аталған дәретхананың қызметі ересектер үшін 50 теңге болса, 7 жасқа дейінгі балаларға тегін кіруге болады. Бұдан бөлек Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, мүгедектер мен зейнеткерлер де қоғамдық мекемеге тегін кіре алады. Серіктестіктегілер алдағы уақытта тағы бір осындай дәретхананы орнатпақ.

 

Бакыт Садуакасов.